Екпе алғандар арасында ойнатылған ұтыстың иесі қалаған пәтерін таңдай алады
G-Park компаниялары тобының жетекшісі Ғабит Сәтмағамбетовтің айтуынша, құрылыс компаниясы ұтыс ойынына демеуші болуға қуана келіскен.
Естеріңізге сала кетейік, бұрнағы күні “Хабар” телеарнасында коронавирусқа қарсы екпе алған елордалықтар арасында екібөлмелі пәтер ұтысының қорытындысы шығарылған болатын.
-->“Екпе алған кезде мұндай ұтыс ойынының жүріп жатқанын білмедім. Өзім әуежайда жұмыс істеймін. Былтыр қыста коронавируспен ауырып, 21 күн бойы хал үстінде жаттым. Мұндай жайт қайталанбас үшін отбасымызбен екпе алдық. Вакцинаны өте жақсы қабылдадым: дене қызуым да көтерілмей, еш жерімді ауырсынбадым. Пәтер ұтып алғанымды сол күні тікелей эфирді көріп отырған апамнан естідім. Бастапқыда сенбегенім рас. Жасым 46-да, жолдасым – отставкадағы әскери адам. Үш баламыз бар, кәдімгі қарапайым отбасымыз. Бірбөлмелі пәтерде тұрамыз. Айтпақшы, бүгін жолдасымның туған күні, сондықтан отбасымызда бүгін қос той қатар болып отыр”, – дейді Әсемгүл Ысқақова.
G-Park компаниялары тобының жетекшісі Ғабит Сәтмағамбетовтің айтуынша, құрылыс компаниясы ұтыс ойынына демеуші болуға қуана келіскен.
“Компанияда алғашқылардың бірі болып екпе алдым. Ол кезде антиваксерлер көп еді. Тек жеке тәжірибем арқылы олардың ойын өзгертуге болатын. Алғашқы компонентім наурыз айының басында алдым. Қазіргі таңда компаниядағы әріптестерімнің барлығы дерлік екпе алды. Әсемгүл пәтердің қабатын, подъезін, ауданын және терезелерінің қай тұсқа қарайтынын өзі таңдай алады”, – деп атап өтті ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұрнағы күні “Хабар” телеарнасында коронавирусқа қарсы екпе алған елордалықтар арасында екібөлмелі пәтер ұтысының қорытындысы шығарылған болатын.