Елімізде Pfizer вакцинасы егілетін адамдардың тізімі кеңеюі мүмкін
-->
«Pfizer вакцинасына тоқталсақ, бастапқы кезеңде бұл екпелер 12 жастан бастап балаларға және жүкті әйелдерге арналады. Кейін осы вакцинамен қамтылатындар тізімін кеңейтуіміз мүмкін. Осыған байланысты министрлік Pfizer компаниясымен 2021 жылдың соңына дейін 4 млн доза вакцинаны жеткізу бойынша шартқа қол қойды», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкіметтің кеңейтілген отырысында.