Биыл 3 417 азамат вакцинадан бас тартты
Министрдің айтуынша, биыл 1 жартыжылдықта вакцинадан бас тартудың 3 417 жағдайы тіркелген.
-->“Бұрынғысынша вакциналаудан бас тарту мәселесі әлі де өзекті. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін вакциналауға жатқызылғандардың арасында профилактикалық екпеден 24 976 адам бас тартты. Оның ішінде 58%-ы жеке себептерімен, 23,2%-ы діни сенімі, 12,8%-ы вакцинаға сенімсіздік танытқандықтан, 6%-ы бұқаралық ақпарат құралдарындағы негативті ақпарат салдарынан екпе алмады”, – деді министр.
Министрдің айтуынша, биыл 1 жартыжылдықта вакцинадан бас тартудың 3 417 жағдайы тіркелген.
“Тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Биыл вакциналауға қатысты қарсы пікірдегі 197 адам ойын өзгертіп, екпе салдырды”, – деді ол.