Полицейлерге алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтары өтеді
Қалалық жедел жәрдем станциясының жанындағы оқу-симуляциялық орталықтың нұсқаушылары құқық қорғау органдарының қызметкерлерін шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйретеді.
Оқу курсын өткізу туралы шешім қалалық полиция департаменті мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен бірлесіп қабылданды. Бұл оқиға орнына полиция мен жедел медициналық көмек бригадасының бірінші болып жетуімен байланысты.
Мұндай тәжірибе көптеген дамыған елдердің көбінде бар, дейді мамандар. Мысалы, Израильде «Жедел волонтерлік көмек» тобы танымал бола бастады. Бұл арнайы курстардан өткен және кәсіби дәрігерлер келгенге дейін зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндігі бар еріктілер тобы.
«Динамо» спорт кешенінің базасында 9 қазан күні полиция қызметкерлеріне арналған мастер-класс өтеді. Оны тәжірибелі мамандар жүргізеді.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы болашақта осы бағытта оқытуды дамытуды және оны барлық азаматтар үшін өзге елдердің тәжірибесінде өткізуді жоспарлап отыр.
-->Қалалық жедел жәрдем станциясының жанындағы оқу-симуляциялық орталықтың нұсқаушылары құқық қорғау органдарының қызметкерлерін шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйретеді.
Оқу курсын өткізу туралы шешім қалалық полиция департаменті мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен бірлесіп қабылданды. Бұл оқиға орнына полиция мен жедел медициналық көмек бригадасының бірінші болып жетуімен байланысты.
«Құқық қорғау органдарының әрбір қызметкері өз өмірінде бірнеше рет оқиға орнында жедел көмек көрсетуді талап ететін жағдайға тап болады. Қазіргідей COVID-19 әлемдік пандемиясы жағдайында медицина қызметкерлері оқиға орнына келгенге дейін адамдарға алғашқы көмек көрсету өте маңызды», - деп атап өтті Оқу-симуляциялық орталықтың мамандары.
Мұндай тәжірибе көптеген дамыған елдердің көбінде бар, дейді мамандар. Мысалы, Израильде «Жедел волонтерлік көмек» тобы танымал бола бастады. Бұл арнайы курстардан өткен және кәсіби дәрігерлер келгенге дейін зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндігі бар еріктілер тобы.
«Шетелдің үлгісіне сүйене отырып, нұсқаушылар тілек білдірушілерді алғашқы көмек көрсетуге үйрететініне қуанышты. Қысылтая шақта әрбір минуттың маңызы зор. Дер кезінде көмек көрсетілсе адам өмірін құтқарып қалуға болады!», - деді орталық мамандары.