Әлеумет

Елордада әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары үшін тағы бір орталық ашылды

Bilim all оқу орталығын Есіл ауданында Strong Mothers Ns қоғамдық қоры ашты. Мұндай екі орталық осыған дейін Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында орналасқан.

Strong Mothers Ns қоғамдық қорының басшысы әрі әлеуметтік кәсіпкер Райгүл Серікбаеваның айтуынша, орталықтар желісін ашуға көпбалалы ана болғаны әрі өзінің тәжірибесі әсер еткен.

Орталықта ХӘОТ санатындағы балаларға ағылшын тілі бойынша оқыту тегін жүргізіледі. Бұл ретте ақылы үйірмелердің біріне арнайы бағамен жазылу қажет. Сондай-ақ, барлығына коммерциялық ұсыныс бар.

Үйірмелер арасында: шығармашылық шеберхана, домбыра, шахмат, гитара, актерлік шеберлік, вокал және фортепиано, жақында робототехника үйірмесі ашылды. Топтарда 5-8 бала оқиды, әр үйірменің өз жұмыс кестесі бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың басынан бастап Нұр-Сұлтанда әкімдіктің қолдауымен түрлі топтардың бастамасымен ашылған 10-ға жуық орталық жұмыс істей бастады. Олар халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Бүгінде олар сәтті жұмыс істеп, ХӘОТ санатындағы азаматтарға қолдау көрсетуде. Олардың қатарында «Strong Mothers» білім беру орталығы, «Алтын Шаңырақ Ұясы» киім тігу цехы, «Бақытты Шаңырақ» қызмет көрсету бойынша көпсалалы орталық және т.б. бар.

Сонымен қатар, қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Нұр-Сұлтанда тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық жұмыс істейді, онда тұрғын үй мәселелері бойынша кеңес алуға болады. Осылайша, мұнда тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болатынын, тұрғын үй кезегінің нөмірін қалай тексеруге болатыны, тұрғын үй бағдарламаларына кім және қандай параметрлер бойынша қатыса алатыны, тұрғын үй сертификатын қалай алуға болатыны, кредиттік/жалға берілетін пәтерлерді алу мәселелері бойынша жүгінуге болады және т.б.

Мұндай орталықтар жұмысты жүйелендіруге және «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. 2019 жылы елордада «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы ашылды, онда мамандар азаматтарға әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес береді. Сондай-ақ, жастардың мәселелерін шешуге көмектесу үшін қалада жастарға қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.

-->

«Бүгін біз үшінші Bilim all білім беру орталығының ашылуында тұрмыз. Орталықты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және демеушілердің қолдауымен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдар, көпбалалы аналар ашқаны қуантады. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері өз бизнесін дамыта алатындығын дәлелдейді. Бұл жерде халық үшін ең бастысы қолжетімділік бар», - деді орталықтың ашылуында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.

Strong Mothers Ns қоғамдық қорының басшысы әрі әлеуметтік кәсіпкер Райгүл Серікбаеваның айтуынша, орталықтар желісін ашуға көпбалалы ана болғаны әрі өзінің тәжірибесі әсер еткен.

«Мен ағылшын тілінің ұстазымын және серіктестерім де мұғалім, сондықтан біз бірге Bilim All жобасын ашуды ұйғардық. Мен, ана ретінде, балаларымды оқытуда қиындықтарға тап болдым: бәрі қымбат және алыс. Көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың қолжетімді қосымша білім алуына мүмкіндігі жоқ. Мұндай балаларға көмектесу менің арманым болды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ): көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, мүгедектігі бар және толық емес отбасылардан шыққан балалар жатады», - деді қоғамдық қор басшысы.