Әлеумет

Жыл басынан бері елордада 50-ден астам аула абаттандырылды – Алтай Көлгінов

Қабылдауда қоғамдық кеңістіктер мәселесі де көтеріледі.

 

-->

“Тұрғындарды апта сайын қабылдап тұрамыз. Жеке қабылдауға жазылған 12 адамды қабылдадым. Шамамен 30 сұрақ қамтылды. Негізгі мәселелердің қатарына тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, әлеуметтік, медициналық көмек көрсету, елді мекендерді дамыту, жұмысқа орналасуға көмектесу, абаттандыру мәселелері және т.б жатады. Осы бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізудеміз”, – деп жазды әкім өзінің Инстаграм-парақшасында.

Қабылдауда қоғамдық кеңістіктер мәселесі де көтеріледі.

“Мысалы, "Бюджетке қатысу" жобасы аясында биыл 50-ден астам аула абаттандырылды. Жобаға қаланың барлық ауданы қатысады. "Бюджетке қатысу" жобасы тұрғындарға ауласының қандай болатынын шешуге мүмкіндік береді. Екі жылдың ішінде қалада 400 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) салынды”, – дейді А. Көлгінов.