«Elorda Jastary» тұрғын үй бағдарламасының талаптары қандай – Алтай Көлгінов
Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға Отбасы банкі мен 2021-2023 жылдарға арналған «Elorda Jastary» бағдарламасы көмектеседі. «Elorda Jastary» жастарға, соның ішінде тұрғын үй желісі бойынша толық қолдау көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, «Elorda Jastary» бағдарламасында білім беру, жұмыспен қамту, бос уақытты пайдалы өткізу және т.б. бағыттар бар.
Әкімнің айтуынша, аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысушы тұрғын үй сатып алуға 18 млн теңгеге дейін қарыз ала алады (жылдық 5% жеңілдікпен). Сатып алынатын тұрғын үйдің құны шектеусіз. Қарыз 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Өтінімдерді қабылдау 14 қазанда басталады, qatysu.zhilfond.kz порталында жүзеге асырылады. Қатысушылардың санаттары, тұрғын үй алу талаптары мен алгоритмі бойынша қосымша ақпаратпен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ сайтында (zhilfond.kz) танысуға болады. Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін қатысушыларды іріктеу балдық жүйеге сәйкес басталады.
Сонымен қатар, қала әкімі биыл Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасының жалғасатынын, осы бағдарлама аясында бір мыңнан астам жас баспаналы болатынын да атап өтті.

“Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына 35 жасқа дейінгі (35 жасты қоса алғанда, жұбайының/зайыбының жасы маңызды емес) жастар қатыса алады. Оған мынандай талаптар кіреді: қалада кемінде бір жыл тіркеулі тұруы, Отбасы банкте жинақ шоты бар болуы, жеке тұрғын үйі болмауы тиіс (соңғы 5 жыл ішінде), ресми жұмыс өтілі бір жылдан кем болмауы керек”, – деп түсіндірді А. Көлгінов.