Әлеумет

Кәсіподақ мүшелері елордадағы белсенді қызметі үшін марапатталды

Марапаттау рәсіміне Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов қатысты. Басқарма басшысы әкімнің атынан қатысушыларды келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.

Айта кетейік, 10 қазан – Кәсіподақтар күні. Атаулы дата Үкіметтің 2019 жылғы 22 мамырдағы №303 қаулысына сәйкес атап өтіледі.

Еліміздегі Кәсіподақтар федерациясы – жұмыс берушілер мен еңбеккерлер арасында басты алтынкөпір, қоғамдағы ірі және қуатты азаматтық институттардың бірі. Ұйымның қызметі қызметкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауға, өндіріс шарттарын жақсартуға, еңбек дауларын реттеуге бағытталған.

Аталмыш шарада кәсіподақ алдында сіңірген ерекше еңбегі, жемісті, көп жылғы еңбегі және кәсіподақ қозғалысының қалыптасуына, бірлігін нығайтуға және дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан кәсіподақтар федерациясының атынан медальдар табыс етілді.

Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақ орталығының басшысы Төлеген Күнәділов өз сөзінде 105 мыңға жуық қызметкер мен 508 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының елорданың өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқанын атап өтті.

Кәсіподақ орталығының басшысы сондай-ақ кәсіподақтардың басты ұстанымы – қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру, олардың табысы мен өмір сүру деңгейін сақтау екенін атап өтті.

Бауыржан Берікұлы

-->

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіне сәйкес, еңбек дауларын шешу жөніндегі комиссия қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында қала әкімінің төрағалығымен комиссия құру тапсырылды. Осыған байланысты, биыл 12 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен жаңа құрамда комиссия бекітілді. Кәсіподақ орталығы еңбекақы төлеу мәселелерін одан әрі шешуге бағытталған жұмысты жалғастырады. Біз сондай-ақ әлеуметтік серіктестермен ұжымдық шарттар арқылы қызметкерлерді қолдау шараларын жетілдіру бойынша жұмыс істейтін боламыз, деді Күнәділов.

Кәсіподақ орталығының басшысы сондай-ақ кәсіподақтардың басты ұстанымы – қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру, олардың табысы мен өмір сүру деңгейін сақтау екенін атап өтті.

– Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақ орталығы салалық аумақтық кәсіподақтармен және әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, 2020 жылғы 2 қыркүйектегі XXVI съезінде бекітілген «Әділеттілік пен даму – бірлікте» стратегиясын іске асыруда және кәсіподақ қозғалысын дамытуда одан әрі жүйелі жұмыстар атқарады деп сенім білдіреміз, – деп қосты ол.

Бауыржан Берікұлы