Қазақстанда әлеуметтік жоба гранттарына өтініш қабылданып жатыр
Байқау талабы бойынша, жоба авторлары БҰҰ-ның тұрақты дамуының сапалы білім, таза су және санитария, арзан және таза энергия, жауапты тұтыну және өндіріс, климаттың өзгеруіне қарсы күрес сынды 5 жаһандық мақсатының біріне қол жеткізуге үлес қосуы керек. Шара шеңберінде қатысушылар білімін жетілдіріп, мазмұнды инкубациялық бағдарламаны меңгереді. Нәтижесінде үздік идея авторларына өз бастамаларын жүзеге асыру үшін грант жеңіп алу мүмкіндігі беріледі.
Айта кетейік, өтінім қабылдау 2021 жылғы 1 қазаннан 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін жалғасады. Өтінім www.321start.kz және Instagram @321_start парақшасы арқылы қабылданады.

«Біз кәсіпкерлерді ақпараттандыру үшін бизнеске арналған барлық гранттық бағдарламаны бақылап отырамыз. Жастар осы жоба арқылы өз бастамаларын ілгерілете алады. Жоба туралы ақпараттандыру және кеңес беру ауылдық елді мекендердегі 190 және облыс орталықтарындағы 19 кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өтеді», – деді «Атамекен» ҰКП сауда және шағын бизнесті дамыту департаментінің директоры Әсет Айтбаев.