Елорда халқының саны жыл сайын артып келеді - Алтай Көлгінов
Сұхбат барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы және тұрғындарды толғандырған мәселелер қамтылды. Сондай-ақ елорда тұрғындары санының артуы, жаңа жұмыс орны жөнінде сөз қозғалды.
Қала әкімінің айтуынша, 2030 жылға қарай тұрғындар саны 2 миллионға жетеді. Оның барлығы инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Яғни жаңа мектептер, балабақшалар, тұрғын үйлер салынатын болады.
-->Сұхбат барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы және тұрғындарды толғандырған мәселелер қамтылды. Сондай-ақ елорда тұрғындары санының артуы, жаңа жұмыс орны жөнінде сөз қозғалды.
«Әр аймақтың өзіндік ерекшелігі бар. Бір аймақ аграрлы болса, енді бірі индустриалды, ал кей аймақтарда бәрі аралас. Дегенмен елорданың ерекше статусы бар. Бұл – еліміздің бас қаласы. Жыл өткен сайын тұрғындарының саны өсіп келеді. Осыған орай, жаңа тапсырмалар пайда болып жатыр», – деді Алтай Көлгінов.
Қала әкімінің айтуынша, 2030 жылға қарай тұрғындар саны 2 миллионға жетеді. Оның барлығы инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Яғни жаңа мектептер, балабақшалар, тұрғын үйлер салынатын болады.