Әлеумет

Нұр-Сұлтанда 2,4 шақырым су құбыры қайта жөнделіп жатыр

Оның айтуынша, биыл да инвестициялық бағдарлама аясында бірқатар шаруа атқарылып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, биыл сегіз айдың қорытындысы бойынша “Астана су арнасы” ұйымында 449 млн теңгені құрайтын инвестиция қаражаты игерілді.

-->

«Былтыр біздің ұйым 1 471 млн теңгені құрайтын жеке инвестиция қаражатына бірқатар жұмыс атқарды. Атап айтқанда, 883 млн теңгеге 6,3 шақырым су құбыры мен 2,3 шақырым кәріз желісі қайта жөндеуден өтті. Сондай-ақ, 231 млн теңге қаржыға 44 ескірген сусорғыш жаңартылып, кәріз қалдығын соратын 16 станция орнатылды. Одан бөлек, 301 млн теңгеге жаңа құрал-жабдық сатып алынды. Оның қатарында су сүзгіш құралдар, автоматтандырылған натрий гипохлориті аппараты, деректер базасын сақтайтын серверлік құрылғы бар», – деді Виталий Артамонов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында.

Оның айтуынша, биыл да инвестициялық бағдарлама аясында бірқатар шаруа атқарылып жатыр.

“Жыл соңына дейін қала бойынша кәріз қалдығын соратын 8 станцияның құрылғылары жаңаланады. Сонымен қатар бүгінде тозған және апат жағдайындағы 2,4 шақырымды құрайтын су құбыры желісіне қайта жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Одан бөлек, 250 метр кәріз желісі қайта жөнделеді», – деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, биыл сегіз айдың қорытындысы бойынша “Астана су арнасы” ұйымында 449 млн теңгені құрайтын инвестиция қаражаты игерілді.