Елордада инвестициялық бағдарламалардың дұрыс орындалуына қандай факторлар кедергі келтіреді
Баспасөз туры кезінде БАҚ өкілдері “Астана су арнасы” ұйымы мен оған бағынышты бірнеше нысанның жұмысымен танысты.
«Астана су арнасы» мекемесінің 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы өткен жылы бекітілді. Жыл сайын 1 мамырға дейін аталған ұйым өткен жылдың есебін береді. Биыл оған инвестициялық бағдарлама аясында 900 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді», – деді департамент басшысы.
Сондай-ақ оның айтуынша, қазіргі таңда елордаданың коммуналдық қызметіне жауапты бірнеше мекеме бар.
«Мәселен, «Астана РЭК» жарыққа жауапты болса, «АстанаТеплоТранзит» жылу берумен айналысады, сол секілді «Астана су арнасы» – су үшін жауапты мекеме. Инвестициялық бағдарламаны орындауда аталған компанияларға ортақ бір проблема проблема бар. Ол – байқауда көбінесе жосықсыз компаниялардың жеңіп шығатыны. Соның салдарынан қызмет көрсетуші компаниялардың жұмысынан ақау шығып, ісі ақсап жатады. Кейбір жосықсыз мекемелер жобаны уақытылы аяқтамайды немесе сапасыз атқарады. Әрине, бұл заңбұзушылыққа жатады. Инвестициялық бағдарламаның орындалмағаны анықталған жағдайда біз өз тарапымыздан заң аясында шара қабылдаймыз», – деді ол.
«Астана су арнасы» мекемесінің мәліметінше, былтыр аталған бағдарлама аясында жеке инвестиция көлемі 1 471 млн теңгені құраса, биыл 8 айдың қорытындысы бойынша 449 млн теңге инвестиция есебінен игерілген.
-->