Әлеумет

Сейітқали Меңдешевтің тарихи мұрасы жарық көреді

Дөңгелек үстел жұмысын ашқан С.Шілдебай бұл дөңгелек үстелдің «Сейітқали Меңдешев: өмірі, қызметі және тарихи мұрасы (1882-1938)» атты гранттық жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес өтіп жатқанын айта келе, осы жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Жоба аясында С.Меңдешевтің 40 баспа табақтан асатын құжаттары мен шығармаларының жинағы даярланып, жыл соңына дейін жарияланатынын және келесі жылы қайраткердің 140 жылдығына орай монография жарық көретінін жеткізді.

Дөңгелек үстелде тарих ғылымдарының кандидаты М.Қалыбекова даярланып жатқан құжаттар жинағына енгізіліп жатқан бірқатар құжаттардың мазмұны мен сипаты туралы шолу жасады. Ғылыми жинаққа С.Меңдешевтің ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы газет-журналдарда шыққан 75 мақаласының енгізіліп жатқанын баяндады. Ол мақалалар тек қана С.Меңдешевтің қоғамдық-саяси қызметін ғана көрсетіп қоймай, сол кезеңдегі Қазақстанның тарихынан да мол хабар беретінін атап көрсетті.

Ал ҚР Орталық мемлекеттік архивінің жоғарғы санаттағы архивисі, тарих ғылымдарының кандидаты З.Төленова 1921-22 жылдардағы ашаршылық бойынша ҚР Орталық мемлекеттік архиві 2 томдық құжаттар мен материалдар жинағын даярлап жатқанын айта келе, сол құжаттардан С.Меңдешевтің ашаршылықпен күресті ұйымдастырудағы тарихи рөлінің аса зор болғанын көруге болады деді. С.Меңдешевтің басшылығымен Қазақстандағы барлық губаткомдар мен уаткомдардың және ауаткомдардың жанынан ашыққандарға көмектесетін жергілікті комиссиялардың құрылғанын, болаткомдардың, ауылдық және селолық кеңестердің жанынан ашыққандарға көмектесетін өзара көмек комитеттері мен ұяшықтар ұйымдастырылғанын айта келе, осы жылдардағы ашаршылыққа қатысты дұрыс тарихи еңбектің жоқ екенін атап көрсетті.

С.Шілдебай 1921-1922 жылдардағы аштыққа қатысты төмендегідей мәліметтерді келтірді:

- Қазақ халқы Кеңес өкіметінің тұсында бірнеше алапат ашаршылықты бастан кешірді. Соның бірі – 1921-1922 жылдардағы ашаршылық еді. Бұл ашаршылық – тек Қазақстанның 5 губерниясы мен 1 уезін ғана емес, кеңестік Ресей федерациясының 30-дан астам губерниясын қамтыды. Әсіресе, Ресейдің Самара, Саратов, Поволжье, Оңтүстік Украина, Қырым, Башқұртстан, Приуралье және Батыс Сібір аймақтары ашаршылықтан қатты зардап шекті. Ашаршылық жайлаған осы 35 губернияны мекендеген 90 миллион халықтың 40 миллионы (ресми мәліметтерде 22 558 550 адам) аштықтың ауыр зардабын тартса, оның 5 миллионнан астамы алапат аштықтың құрбаны болды. Бірақ, бүгінгі таңға дейін 1921-1922 жылдардағы ашаршылық пен оның салдарынан өрши түскен жұқпалы аурулар және індеттерден қайтыс болған адамдардың санын нақты анықтаған бірде-бір зерттеу жұмысы жоқ;

- 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтың Қазақстанға тигізген зардабының қаншалықты болғанын білу үшін 1920 жылы және 1926 жылы жүргізілген халық санағының мәліметтеріне жүгінеміз. 1920 жылғы 28 тамызға дейін жүргізілген демографиялық санақ бойынша Қазақстанда 4 938 383 адам есепке алынған. Әртүрлі себептермен есепке алынбай қалғандар мен ҚАКСР аумағындағы әскери бөлімдердегі (оның саны бізге белгісіз) адам санын қоса есептесек, 1920 жылдың күзінде ҚАКСР территориясында шамамен 5 миллионнан кем емес адам болды деп қорытынды жасаймыз;

- 1923 жылы ҚАКСР-дегі халық саны – 3 786 910 адам болған. Бұдан, 1920-1923 жылдар аралығында ҚАКСР-де халық санының 1 151 473 адамға кемігенін байқаймыз. Аштықтың кесірінен ҚАКСР бойынша 841 мың бала далада қараусыз қалды. Осы мәліметке қарай отырып, шамамен алғанда азайған 1 151 мың халықтың қаншасының аштықтан, қаншасының жұқпалы аурулар мен індеттерден қайтыс болғанын және қаншасының көршілес республикаларға босып кеткенін терең зерттеп, нақтылау қажет деген қорытынды жасаймыз;

- Қазақ даласында басталған ашаршылықтың бірнеше себептері болды. 1921 жылдың көктемінен бастап ұзаққа созылған құрғақшылықтың салдарынан астық пен шөптің күйіп кетуі ең негізгі себеп болды. Ал Қазақ Республикасы аумағын қамтыған 1918-1920 жылдардағы азамат соғысы, 1920 жылы астық пен шөптің шықпай қалуы, 1920 және 1921 жылдары малдың жұтқа ұшырауы республиканың ауыл шаруашылығын толық құлдыратып, ашаршылыққа алғышарттар қалыптастырды.

- 1921 жылы ҚАКСР-дегі 2 098 000 десятина егіс алқабынан орташа есеппен әрбір десятинадан 32 пұт алғанның өзінде астық көлемі 70 миллион пұттан аспайтын еді. Ал азық-түлік пен тұқым қажеттілігі 100 миллион пұтты құрайтын еді. Бірақ, құрғақшылық күйдіріп, шегіртке жайпаған алқаптардан ешқандай астық түсімі болмады. Міне, азық-түліктің осындай тапшылығы 1921 жылдың жазының өзінде-ақ халықтың аштыққа ұшырауына себепкер болды;

- 1921 ж. жазында ҚАКСР аумағында аштық басталды. 1921 ж. қарашасына қарай ашыққан адамдардың саны – 1 558 927 адамға жетті. 1922 ж. қаңтарына дейін аштыққа ұшырағандардың жалпы саны – 1.476.985 адам (ересектер – 927 593, балалар – 158 392) болды. Губерниялар бойынша олар төмендегідей бөлінді: Орынбор – ересектер 138 339 адам, балалар 209 671; Ақтөбе – ересектер 171 389, балалар 134 000; Қостанай – ересектер 217 365 адам, балалар 96 935; Орал – ересектер 123 600, балалар 103 500; Бөкей – барлығы 100 000 адам, Адай уезі – 75 000, Семей – 5 616 бала, Ақмола – 92 000 ересек, 9 670 бала. 1922 ж. ақпанда аштыққа ұшыраған Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары мен Адай уезінде 2 653 300 адамның аштық құрсауында қалды. 1922 ж. ашаршылықтың шарықтау шегі болған наурыз-мамыр айларында аштықтан зардап шеккендердің саны – 2 832 000 адам болды. 1922 жылдың жазында ашаршылықтың беті қайта бастады.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері А.Жүнісбаев тың деректер мен тарихи карталарды көрсете отырып, 1924 жылғы ұлттық-мемлекеттік межелеу тарихына кеңінен талдап жасап, Ташкенттен қазақ халқының айырылып қалу себептерін, Орталықтың қазаққа қарсы саясатын кеңінен көрсетті.

«Сейітқали Меңдешев тұлғасы және тарихи фотолар» деген тақырып бойынша баяндама жасаған жоба жетекшісі С.Шілдебай, өзі соңғы 2-3 жылда С.Меңдешевтің 20-дан астам белгісіз фотосын тапқанын жеткізе отырып, сол тарихи фотоларды көрсетті. Сол тарихи фотолардағы өзге де адамдарды анықтау бойынша өзі жүргізіп отырған қызықты жұмысқа тоқталды.

Бейнежазбаның толық нұсқасын мына сілтеме бойынша көре аласыздар.

Айгүл УАЙСОВА

-->