Елімізде еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар саны азайып барады
Мысалы, былтыр елімізде жалпы халықтың 58,4%-ы еңбекке қабілетті жаста болған екен, 2019 жылы бұл көрсеткіш – 59,1%, 2016 жылы – 61,6%, 2011 жылы 64%-ды құраған.
Зейнеткерлер үлесі былтыр 11,4%, 2019 жылы – 11%, 2016 жылы 10,6%, 2011 жылы 9,9% болса, балалар мен 15 жасқа толмаған жасөспірімдер үлесі 2020 жылы 30,3%, 2019 жылы 29,9%, 2016 жылы 27,8%, 2011 жылы 26,1% болған. СОндай-ақ соңғы құбылыс қазіргі бейби-бум есебінен одан әрі күшейе түсуде: мәселен, 2021 жылдың бірінші тоқсанында 100,5 мың бала дүниеге келген, бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш.
Осылайша Қазақстан балалар, жасөспірімдер және қарттардың еліне айналып барады. Отандық бизнеске дәл осы жағдайда жұмыс істеуге тура келіп тұр.
Биыл екінші тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыс берушілердің «сүйікті жасындағы», яғни 25-тен 44 жасқа дейінгі жұмыспен қамтылғандар үлесі 54,9%-ға дейін қысқарған, өткен жылғы көрсеткіш – 55,3%. Бұл елде жас және егде жастағы қызметкерлер саны артып келе жатқанын көрсетеді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша аталмыш көрсеткіш – 55,7%, екі жыл бұрын – 57,4% болған еді. Сонымен қатар екі жылда 45 жастан асқан қызметкерлердің үлесі (және зейнеткерлік жасқа жетпеген) 30,8%-дан 31,4%-ға дейін, 16-дан 24 жасқа дейінгі жас қызметкерлер үлесі (техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері (ТжКБ) және ЖОО түлектері) 11,2%-дан 12%-ға дейін өсті.
-->