«Қармақ қаппаған жыл»: биыл елімізде балық өндірісі 36%-ға азайды
Дайын немесе өзге әдіспен консервіленген балық пен уылдырық өндірісі болса екі есе қысқарып, 9,4 мың тонна болды. Бұл салада өндіріс көлемі ең қатты қысқарған өңір ретінде Атырау облысын айтуға болады: мұнда көрсеткіш бірден 71,8%-ға төмендеп, 3,5 мың тоннаны құрады. Өндірістің азаюы Батыс Қазақстан (жылына 12,3%; 2 мың тонна) және Түркістан (15,1%; 1,7 мың тонна) облыстарында да тіркелді.
Атырау облысындағы проблемалар жайлы бұрын да бірнеше рет айтылып жүрген. Мәселен, «Хабар24» телеарнасының хабарлауынша, бекіре зауытында 20 жылдан аса жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Техникалық базасы да ескірген. Өңірдің балық шаруашылығы саласы қаржылай қолдауды керек етеді.
2021 жылғы қаңтар мен шілде аралығында халықтың қайта өңделген және консервіленген балыққа, шаянтектестерге, сондай-ақ моллюскілерге сұранысын отандық компаниялар 53,1%-ға қанағаттандырды.
Осы уақыт ішінде өндіріс көлемі 41,3%-ға азайып, 31,9 мың тоннаны құрады. Ал импорт, керісінше, сәл-пәл көбейді (0,6%; 28,2 мың тонна).
Барлық өндірістің 48,7 мың тоннасы ішкі нарыққа жетсе, 11,4 мың тоннасы экспортқа кетті.
Биылғы екінші тоқсанда әрбір қазақстандық орташа есеппен 3,8 келі балық пен теңіз өнімдерін тұтынған.
Балық пен теңіз өнімдерін Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары (жан басына 6,5 кг) бәрінен көп жейді. Одан кейінгі орындарда Қостанай (6 кг) мен Ақмола (5,5 кг) облыстары тұр.
Ал балықты ең аз тұтынатындар Шымкентте тұрады, мұнда әр адам бір тоқсанда небәрі 917 грамм балық пен теңіз өнімдерін жеген.
-->Дайын немесе өзге әдіспен консервіленген балық пен уылдырық өндірісі болса екі есе қысқарып, 9,4 мың тонна болды. Бұл салада өндіріс көлемі ең қатты қысқарған өңір ретінде Атырау облысын айтуға болады: мұнда көрсеткіш бірден 71,8%-ға төмендеп, 3,5 мың тоннаны құрады. Өндірістің азаюы Батыс Қазақстан (жылына 12,3%; 2 мың тонна) және Түркістан (15,1%; 1,7 мың тонна) облыстарында да тіркелді.