Елордада жастарға арналған тегін коворкинг орталығы ашылды
Кеңістік 11 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Замандас» отбасылық аула клубының негізінде құрылды. Коворкинг-орталықта білім алуға, өзге жастармен қарым-қатынас жасап, пікір алмасуға және шығармашылық дамуға қолайлы орта жасалған. Мұнда жазушылармен, ақындармен, қоғам қайраткерлерімен кездесулер, психологпен консультациялар ұйымдастырылып тұрады, сондай-ақ болашақта балалар мен жасөспірімдерге кәсіпкерлік сабақтарын өткізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, коворкинг-орталықтың құрылуына «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры демеушілік жасаған.
Коворкинг-орталықтың әр бұрышындағы сөрелерде кітаптар самсап тұр. Айтпақшы, мұнда тынығу бөлмесі де бар екен.
Коворкинг-орталыққа 15 жастан асқан жасөспірімдер мен жастар қатыса алады. Орталыққа келу үшін 8 (701) 516 15 25 нөмірі бойынша алдын ала жазылу қажет.
-->Кеңістік 11 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Замандас» отбасылық аула клубының негізінде құрылды. Коворкинг-орталықта білім алуға, өзге жастармен қарым-қатынас жасап, пікір алмасуға және шығармашылық дамуға қолайлы орта жасалған. Мұнда жазушылармен, ақындармен, қоғам қайраткерлерімен кездесулер, психологпен консультациялар ұйымдастырылып тұрады, сондай-ақ болашақта балалар мен жасөспірімдерге кәсіпкерлік сабақтарын өткізу жоспарланып отыр.
«Біз үшін бұл орталықтың ашылғаны өте маңызды, өйткені есейе келе біз сирек көрісіп, бір-бірімізбен қарым-қатынасты азайта бастаймыз. Ал коворкинг-орталық бізге балалық шағымыздың қызықты сәттерін еске түсіріп қана қоймай, жаңа достар табуға, бірлескен қызықты жобалар жасауға мүмкіндік береді», – дейді елордалық жеткіншек Жанель Ержанқызы.
Айта кетейік, коворкинг-орталықтың құрылуына «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры демеушілік жасаған.
«Біз «Замандас» қоғамдық қорының жұмысына 2013 жылдан бері қолдау көрсетіп келеміз. Олармен бірге көп баланың өмірін өзгерткен үлкен жолдан өттік. Жақында Нұр-Сұлтанда алтыншы аула клубын аштық. Енді онда 2700-ден астам бала бос уақытын өткізе алады. Оқушылар орталықта арт-терапия, хореография, шахмат, каратэ, домбыра, тоғызқұмалақ, ағылшын тілі сияқты 30-дан астам үйірмеге қатыса алады», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қоры бас директорының орынбасары Серғожа Қалиасқаров.
Коворкинг-орталықтың әр бұрышындағы сөрелерде кітаптар самсап тұр. Айтпақшы, мұнда тынығу бөлмесі де бар екен.
«Кейбір балалардың үйінде өзімен-өзі оңаша қалуға, тыныштықта кітап оқуға немесе музыка тыңдап, тынығуға мүмкіндігі жоқ. Осыны ескеріп, орталықтың бір бөлмесін релакс-бөлмеге арнадық. Мұнда келіп жастар тыныштықта демала алады, шешімін таппай жүрген сұрақтар болса, сол жайында жалғыз қалып ойланып, өзімен-өзі қалуына ыңғайлы жағдай жасадық», – дейді «Замандас 21» қоғамдық қорының жетекшісі Ләззат Алшынова.
Коворкинг-орталыққа 15 жастан асқан жасөспірімдер мен жастар қатыса алады. Орталыққа келу үшін 8 (701) 516 15 25 нөмірі бойынша алдын ала жазылу қажет.