Қазақстандықтар қартайып барады
Айта кетейік, биыл Қазақстан халқының саны 19 млн-нан асты.
Халық санының өсуіне бала туу көрсеткіші мен өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы әсер етуде. 2020 жылы өмір сүру ұзақтығы шамамен 71,37 жас болды, ал он жыл бұрын ол 68,45 жас, 2000 жылы – 65,5 жас еді. Бұл ретте нәрестелер мен балалар өлімі де ескерілген. Зейнетке шыққаннан кейінгі өмір сүру ұзақтығы ерлер үшін 80 жас, әйелдер үшін 82 жасты құрайды.
Осылайша, Қазақстанда халықтың қартаюы байқалады. Егер 2010 жылы зейнет жасындағы халықтың үлесі 9,9% болса, 2020 жылы 11%--ға жетті. Еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың үлесі, керісінше, айтарлықтай төмендеді: 2010 жылы ол 64% болса, 2020 жылы 58,3%-ға түскен. Ж.Боже-Гарньер – Э. Россетаның демографиялық қартаю шкаласы бойынша Қазақстан халқы қартаюдың алдында тұр.
Сонымен қатар, еңбекке қабілетті бір адамға демографиялық жүктеме де өсуде. Мәселен, Қазақстанда еңбекке қабілетті 1000 азаматқа еңбекке қабілетті жастан кіші және үлкен 692 адам келеді (бір жыл бұрын – 687, ал он жыл бұрын – 555 адам). Дәл осындай жағдай бүкіл әлемде байқалады.
БҰҰ болжамы бойынша, іс жүзінде әлемнің барлық елдері халықтың қартаю процесіне тап болады.