AstraZeneca және "Спутник Лайт" вакциналарын қатар алғандарда антидене деңгейі 4 есе өсті
Бұл мәліметтер зерттеудің екі вакцинаны да алған алғашқы 20 қатысушысын бақылау нәтижесіне негізделген. Қатысушылар әуелі AstraZeneca вакцинасын, кейін "Спутник Лайт" вакцинасын алған. Екі доза арасындағы интервал 29 күнді құраған. Аралық талдау қорытындысы бойынша, еріктілердің 85%-ында бақылаудың 57-ші күні SARS-CoV-2 вирусына антиденелердің 4 есе өскені белгілі болған.
Бұл зерттеу биылғы ақпанда басталған. Қазіргі таңда зерттеуге 100 ерікті қатысып жатыр.
Тағы бір айта кетерлігі, зерттеуге қатысқандардың ешбірінде екі вакцинадан соң денсалығында кінәрат пайда болмаған, сондай-ақ коронавирусқа шалдықпаған.
-->