Әлеумет

Air Astana 1 қазаннан бастап ішкі рейстер билетін арзандатады

“Қазақстан ішіндегі рейстер бойынша эконом-кластың максималды тарифтері 10%-ға арзандайды, сондай-ақ монополиялық жеткізушілердің тарифтері мен макроэкономикалық көрсеткіштер тұрақты болған жағдайда билеттердің кемінде 70%-ы төмен және орташа тарифтер бойынша қолжетімді болады”, – делінген компания ақпаратында.

Отандық тасымалдаушы негізгі серіктестердің, оның ішінде Алматы халықаралық әуежайының тұрақты бағаларды сақтап тұратынына үмітті. 

“Алда бізді демалыстар мен үлкен мерекелер күтіп тұр. Бұл – жақындарымызға қонаққа баратын уақыт. Сондықтан біз жолаушыларымызға бұрынғыдан да қолжетімді бағамен билет сатып алу мүмкіндігін ұсынғымыз келеді”, – дейді компанияның кірістерді абсқару жөніндегі вице-президенті Ерболат Байсалықов.

Сонымен қатар Air Astana жақын арада ішкі рейстерге жүксіз тарифтер енгізбекші.

-->