Әлеумет

11 қыркүйек күні Асқар Забикулин туралы фильм жарыққа шығады

Астана телеарнасы арқылы көрерменге жол тартатын «Қаhарман» фильмі ерлікпен қаза тапқан елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулин ерлігі жайлы, деп хабарлады Elorda.info.

Айта кетейік, Асқар Серікұлы Забикулин елордалық ТЖД ӨСКҚ жедел кезекшісінің көмекшісі болған. 2022 жылғы 16 қарашада ол  Момышұлы даңғылындағы «Каhарман» ТК-де өртті сөндіру барысында өз өмірін қатерге тігіп, жоғарғы қабаттан құтқару арқанымен жанып жатқан пәтерге кірген. Қызыл жалынға оранған пәтерден қауіпсіз аймаққа екі әйел шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді. Көрші пәтерден автосаты арқылы Асқар 2012 жылы туған баланы құтқарды.

Өкінішке орай, өртті сөндіру барысында Асқар Забикулин дененің термиялық күйіктерін алып, емдеу мекемесіне жатқызылды. Алған ауыр жарақаттарынан әсер­інен 20 қарашада көз жұмды.

Асқар Забикулин- халық қаһарманы. Қайтыс болғаннан кейін ол Мемлекет басшысының жарлығымен Айбын І дәрежелі орденімен марапаталды. Өзі жұмыс атқарған №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Асқар Забикулиннің есімі берілді. Сонымен бірге елорда көшелерінің біріне батырдың есімі берілді. Жақында оның ерлігі туралы фильм де түсірілді. Жаңа туынды  11 қыркүйек күні сағат 19.20-да Астана телеарнасында көрсетіледі.