Әлеумет

Елорданың азаматтық қорғау қызметтері жер сілкінісіне қаншалықты дайын

Оқу-жаттығудың жедел штабы Алматы облысының Қапшағай қаласында құрылды. Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД жедел тобы оқу-жаттығу орнына келді, онда Іле ауданы Чапаево ауылының жер сілкінісі ауданында күштер мен құралдарды тарту әрекеттерін пысықтайтын болады.

«Жер-2021» оқу-жаттығуы аясында елордада практикалық іс-шараларды пысықтау үшін үш оқу орны анықталған.

Айта кетейік, жер сілкінісі кезіндегі төтенше жағдай бойынша оқу-жаттығулар елімізде 3 жылда бір рет өткізіледі.

-->

«Жер сілкінісі болған апат аймағындағы құтқару жұмыстарын жүргізу үшін елордада 170 құрам, 3148 адам және 1083 инженерлік, құтқару және медициналық техникадан тұратын жедел топ құрылды. Алматы облысында жойқын жер сілкінісі болған уақытта апат аймағына осы топ шұғыл аттанады. Жедел топ апат аймағына әуе, автомобиль және теміржол транспорттарының көмегімен жетеді», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов.

«Жер-2021» оқу-жаттығуы аясында елордада практикалық іс-шараларды пысықтау үшін үш оқу орны анықталған.

«Бірінші оқу орны – Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай. Көмек талап етілген уақытта жедел топтың алдыңғы қатарлы құрамы, жеке құрамнан 61 адам және 6 техникадан тұратын медициналық және құтқару құрамалары бұл жақтан авиациялық көлікпен аттанады. Екінші оқу орны – Индустриялық парктен Мичурин кентіне дейінгі аумақта орналасқан. 154 адам мен 25 техникадан тұратын құрам 6-9 сағат ішінде колонна құрып, сигнал алынғаннан кейін 6 сағаттан соң жер сілкінісі аймағына жөнелтіледі. Үшінші оқу орны теміржол вокзалында өтеді. Мұнда пойыз арқылы ауыр инженерлік және шынжыр табанды техника жіберіледі», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Есен Байыров.

Айта кетейік, жер сілкінісі кезіндегі төтенше жағдай бойынша оқу-жаттығулар елімізде 3 жылда бір рет өткізіледі.