Қазақстанда волонтерліктің дамуына діни ұйымдар қалай үлес қосып жатыр
Астананың қысы танитын жанға түсінікті. Үсті-үстіне төпелеп жауатын қалың қары мен әп дегенде сені көтере кетуге шақ қалып тұратын тентек бораны халықты әжептәуір әбігерге салатыны рас. Сондайда қарап қалмай, елордалық мешіттің еріктілері қолы жеткенінше қолғабыс қылып, қала тұрғындарына көмектеседі. Бірі такси болып, адамдарды үйді-үйіне тегін жеткізсе, бірі есік алдындағы қарды күреп, жол аршып береді.
Карантин басталып, екі адым жерге жету мұң болып қалған шақтарда да мешіт тарапынан ұйымдастырылатын қайырымдылық іс-шараларының басы-қасында волонтерлер жүреді. Рамазан айында – ауызашар бокстарын, Құрбан айт кезінде – мұқтаж жандарға ет-ауқат, басқа да мереке күндері елордалықтарға азық-түлік себетін тапсыруда мешіт волонтерлері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыла еңбек еткен.
ҚМДБ жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі Мерей Жақияның айтуынша, волонтерлердің басын қосуда әлеуметтік желі көп көмектеседі.
Ислам дінінде волонтерліктің ерекше бағаланатынын айта кеткен жөн. Дегенмен, дін ережесі бойынша, волонтерлікпен айналысқысы келетін адамдардан мынадай бірнеше қағиданы естен шығармау талап етіледі:
- Волонтер өзінің уақытын, күш-жігерін, қуатын, білімін Алла разылығы үшін беріп жатса, мұнымен мақтанып, кеуде соқпауы керек;
- Волонтер өзі тегін жасап жүрген жұмыс үшін ақы алатын жалдамалы жұмысшыларды кінәлауына құқығы жоқ.
- Волонтер өз жұмысын жұртқа көрсету үшін істемеуі керек, әйтпеген күнде бұл рия болып саналады;
- Волонтерде жауапкершілік сезімі болуы керек: өзіңнің білім-құзыретің жетпейтінін біле тұра ондай істі бастамаған дұрыс;
- Волонтер қандай істі қолға алса да, оны барынша кемел етіп орындауға тырысуы керек, өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мұхаммедтің: «Әлдебір жұмыс істесең, оны дұрыстап істе» деген сөзі бар.
Волонтерлік христиандық принциптеріне де жат емес. Соның бір айқын мысалы ретінде Алматыдағы Николай шіркеуі жанындағы «Милосердие» православие қызметінің мұқтаж жандарға азық-түлік тарату дәстүрін айтуға болады. Әсіресе былтырғы карантинде жұмыссыз қалып, нәпақасынан айырылған алматылықтарға шіркеу көмегі жандарына дауа болған-ды. Бастапқыда мұқтаж жандарға ыстық тамақ беретін қайырымдылық асханасы ретінде жасау жоспарланғанымен, кейін елде төтенше жағдай мен карантин жарияланған уақытта әлгі жер азық-түлік жинайтын орынға айнала бастаған. Шіркеу қызметкері Вячеслав Пугачевті айтуынша, алғашқыда көмекті тек әлеуметтік осал топтар алып жүрген, кейіннен көп адам жұмыссыз қалғанда азық-түлік себеттері барлық жанға таратылған. Карантин өршіген уақытта мұнда күніне 100 шақты адам отбасына керекті азық-түлік алып отырған.
-->

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан қалалық өкілдігі жанынан «Сауап» еріктілер тобы ашылған. Одан бөлек, елордадағы 12 мешіт жанынан құрылған волонтерлік топтар тағы бар. Мешіттер ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларында әрқашан осы топтар көмектеседі. Әсіресе пандемия басталғалы бері волонтерлеріміздің қатары артты десек те болады. Карантин уақытында тұрғындарды мешітке шақырмай, азық-түлікті үйді-үйге жеткізіп беріп тұрдық, сол кезде волонтерлер ә дегеннен іске кірісіп, тапсырманы бөліп-бөліп алды. Жақында ғана «Мектепке жол» акциясы аясында мұқтаж отбасылардан шыққан 1000 балаға оқуға керекті құрал-жабдықтарды таратуда да мешіт волонтерлері біршама үлес қосты», – дейді Әзірет Сұлтан мешітінің баспасөз хатшысы Айдос Имантай.
ҚМДБ жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі Мерей Жақияның айтуынша, волонтерлердің басын қосуда әлеуметтік желі көп көмектеседі.
«WhatsApp желісінде ортақ чатымыз бар. Қандай да бір қайырымдылық іс-шарасы болғалы жатқанда сонда хабарлап, жамағатты құлақтандырамыз. Қалтасы көтергендер қаржылай аударады, көлігі барлар үйді-үйді жеткізіп беруге көмектерін ұсынады. Іс-шараларға тұрақты түрде қатысып жүретін 100 шақты белсенді волонтеріміз бар», – дейді ол.