Әрбір 5 қазақстандықтың 2-еуі күтпеген шығынды несиесіз жаба алмайды
Былтыр наурызда Қазақстанда коронавирус тарала бастағанын ескерсек, бұл құбылысты түсінуге болады.
Былтыр «коронадағдарыс» басталмай тұрып жүргізілген сауалнама қорытындысына сүйенсек, қаржылық қиындықтармен бетпе-бет келгендер саны 2019 жылға қарағанда азырақ болған.
Бірақ 2021 жылғы наурыздағы сауалнамада соңғы 12 айда пәтер жалдау ақысын немесе ипотекалық төлемдерді төлеуге бір рет ақшасы жетпей қалған респонденттер үлесі 2,7%-дан 3,3%-ға, ал бірнеше рет жетпей қалған респонденттер үлесі 1,4%-дан 2.3%-ға артты.
Мұндай қиындықтармен бетпе-бет келмегендер үлесі де 54%-дан 56,6%-ға өсті, ал бұл мәселе алаңдатпайтын адамдардың үлесі 41,9% -дан 37,8% -ға дейін төмендеді.
Бір кездері коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшасы жетпеген респонденттер үлесі де 5,7%-дан 6,9%-ға дейін өсті, ал мұндай проблеманы бірнеше рет бастан кешкендер үлесі 3,8%-дан 3,4%-ға азайды.
Бір кездері несиесін төлей алмағандардың үлесі 5,7%-дан 6,9%-ға, ал екі реттен артық өтей алмағандар үлесі 2,6%-дан 3,4%-ға дейін артқан.
Мұндай қиындықтарға тап болмағандардың үлесі 61,9%-дан 62,8%-ға жетті, ал бұған аса алаңдаушылық білдірмейтіндердің үлесі керісінше 29,8%-дан 26,9%-ға төмендеді.
Сондай-ақ, сауалнама қорытындысы бойынша, биыл респонденттердің 27,4%-ы ақшасы жетпегені себепті ескі жиһазын жаңарта алмаған. Ал 7%-ы әр екі күнде балық, ет және тауық қосылған ыстық тамақ жеуге ақшасы жетпейді.
Сауалнамаға қатысқандардың 5%-ы ескірген аяқ киімін немесе киімін жаңартуға қалтасы көтермейді. 36,1%-ының жылына бір аптаға өзге қалаға немесе елге барып демалып келуге ақшасы жоқ. 41,3%-ы аяқ астынан шыққан шығындарды қарызсыз немесе өзге де қаржылық көмексіз өздігінен жаба алмайды.
-->Былтыр наурызда Қазақстанда коронавирус тарала бастағанын ескерсек, бұл құбылысты түсінуге болады.