Елімізде ұн қымбаттап жатыр
Ұнды Қостанай облысы ең көп өндірген: өңірдегі ұн өндірісі жарты жылда 587,3 мың тоннаны құрады, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл 7,8%-ға көбірек. Үздік үштіктің қатарына Шымкент (189,1 мың тонна, былтырмен салыстырғанда 17,4%-ға аз) және Солтүстік Қазақстан облысы (176,1 мың тонна, былтырмен салыстырғанда 3%-ға көп) кірді.
2020 жылы еліміздегі ұн өндірісі 3,4 млн тонна болды, алдыңғы жылға қарағанда бұл 2,6%-ға артық.
Отандық ірі ұн өндірушілер болып «Саламат», «Асалия», «Азия Ұны», «Romana-Нан», «Аруана-2010», Miller&K, «Алтын-Дән», Pioneer Grain Products компаниялары саналады.
Ұн өндірісі көлемінің едәуір бөлігі, яғни 92,8%-ы (1,7 млн тонна) бидай ұнына тиесілі, бұл былтырға қарағанда 3,3%-ға аздау.
Сондай-ақ биылғы алғашқы жартыжылдықта 120,5 мың тонна нан өнімдерін дайындауға арналған қоспа (былтырға қарағанда 7,3%-ға аз), 7 мың тонна ұсақ және ірі тартылған өсімдік ұны (былтырға қарағанда 18%-ға аз) және 3,7 мың тонна бидайдан басқа дәнді дақылдардан ұсақтап тартылған ұн (былтырға қарағанда 18,1%-ға аз) өндірілді.
Ұнға сұранысты (ішкі нарық пен экспорт) жергілікті компаниялар толықтай қанағаттандырып отыр деуге болады, 2021 жылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстанға небәрі 7 мың тонна ұн (былтырға қарағанда 7,6%-ға көп) импортталған.
Қазақстандық нарықта биылғы тамызда 1-сортты бидай ұны келісінің бөлшек саудадағы орташа бағасы 183 теңгені, ал жоғары сорттысы 253 теңгені құрады.
Ірі қалалар арасында 1-сортты бидай ұны Ақтау (келісі 256 тг), Нұр-Сұлтан (келісі 237 тг) және Алматыда (келісі 236 кг) қымбат болып шықты; ең арзан баға Ақтөбеде (келісі 128 тг) тіркелген.
Жоғары сортты ұн Нұр-Сұлтан (келісі 327 тг), Атырау (келісі 327 тг) және Алматыда (келісі 287 тг) қымбат; ең арзан баға – Павлодарда (келісі 180 тг).
Жылдық динамикада ұн бағасы 11,1%-ға өсті. Мұны бәрінен бұрын Жамбыл (23,4%-ға қымбаттады), Солтүстік Қазақстан (21,3%-ға қымбаттады) облысы тұрғындары мен алматылықтар (17,3%-ға қымбаттады) қаттырақ сезді.
-->Ұнды Қостанай облысы ең көп өндірген: өңірдегі ұн өндірісі жарты жылда 587,3 мың тоннаны құрады, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл 7,8%-ға көбірек. Үздік үштіктің қатарына Шымкент (189,1 мың тонна, былтырмен салыстырғанда 17,4%-ға аз) және Солтүстік Қазақстан облысы (176,1 мың тонна, былтырмен салыстырғанда 3%-ға көп) кірді.