«Алтын шар-2» үлескерлері өз пәтеріне қашан кіреді: елорда әкімі жауап берді
Конференция барысында елорда тұрғыны Марал Үсенова сақалды құрылыс саналатын "Алтын шар-2" тұрғын үй кешенінің 3-кезегі қашан берілетінін сұрап, хат жазды.
Елорда әкімінің айтуынша, құрылыс мерзімінің ұзаққа созылуына мамыр айында зауытта болған техникалық қиындықтар кедергі келтірген.
-->Конференция барысында елорда тұрғыны Марал Үсенова сақалды құрылыс саналатын "Алтын шар-2" тұрғын үй кешенінің 3-кезегі қашан берілетінін сұрап, хат жазды.
"Шар Құрылыс" компаниясы бірнеше жылдан бері ауқымды жұмыстар атқарып келе жатқанмен, үлескерлердің пәтерлерін уақытылы тапсыра алмай отыр. Маған 2019 жылдың қараша айында берілетін пәтер әлі салынып жатыр. Бұл құрылысқа сеніп несие алған, пәтер жалдап келе жатқан көршілерім де баршылық. Сенім артып, осы жылдың аяғы деген уәдеге де көніп отыр едік. Бірақ ол бос сөз болып қалайын деп тұр. Себебі 3-блок бойынша ішкі жұмыстар тұрмақ, сыртқы жұмыстар толық аяқталмаған. Күн суытып, қыс түскенен кейін жұмыс қарқынды жүреді дегенге күмән бар", – деді ол.
Елорда әкімінің айтуынша, құрылыс мерзімінің ұзаққа созылуына мамыр айында зауытта болған техникалық қиындықтар кедергі келтірген.
"Алтын шар-2" ТК 3-кезегінің шарты бойынша құрылысты аяқтау мерзімі – 2021 жылдың желтоқсаны. Жалпы, 3-кезек 10 секциядан тұрады. Бүгінгі күні нысанның 3-кезегіне 18-қабатта қабырға панельдері мен жабын тақталарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 1 және 2-ші секцияларда монтаждау аяқталды. Сыртқы желілер тартылған. Жұмыстар 2 ауысымда жүргізілуде, бүгінде құрылыс материалдарын жеткізуде проблемалар жоқ. Қазіргі уақытта "Алтын шар WEST" ЖШС-мен уәкілетті ұйыммен бірлесіп, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесін бекіту және құрылыс мерзімін ұзарту мәселесі пысықталуда, оған себеп зауыттағы қиындықтарға байланысты мамыр айында техникалық себептер бойынша қабырға панельдерін уақтылы жеткізбеу болып отыр", – деді қала басшысы.