Астаналық волонтерлер саны 3 мыңға жуықтады
Жалпы, қалада 2014 жылдан бері арнайы волонтерлік оқуды 2 мыңнан астам жас аяқтаған. Ал оларды қолдау шаралары жылдан жылға күшейе түсуде.
Сондай-ақ волонтерлардың халықаралық дәрежеде тәжірибе алмасу мүмкіндіктері де қарастырылған.
-->Жалпы, қалада 2014 жылдан бері арнайы волонтерлік оқуды 2 мыңнан астам жас аяқтаған. Ал оларды қолдау шаралары жылдан жылға күшейе түсуде.
«Жақында ғана жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен 20-ға жуық еріктіге 300 мың теңгеден шағын гранттар бөлінді. Яғни қызықты деген ою-өрнектерді жасауды үйретуге арналған курстар, ағылшын тілін тегін оқыту бойынша курстар, азық-түлік себеттерін, дәрі-дәрмектерді сатып алып, тасымалдау бойынша шағын гранттар берілді», - дейді жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Арайлым Сапарәлі.
Сондай-ақ волонтерлардың халықаралық дәрежеде тәжірибе алмасу мүмкіндіктері де қарастырылған.
«Халқаралық дәрежеде тәжірибе алмасу жұмыстары болады. Жақында ғана Каспий медиа-форумы аясында волонтерларымыз Астрахан қаласында өткен экологиялық волонтерлар форумына қатысып келді. Сол жерде өзге ел волонтерларымен тәжірибе алмасып, өздерінің ойларын бөлісе алады», - дейді Арайлым Сапарәлі.