10,3 млрд адам: БҰҰ 2080 жылы жер бетіндегі халық саны қанша болатынына қатысты болжамды жариялады
БҰҰ-ның жаңа болжамы бойынша 2080 жылдың ортасына қарай болатын жер бетіндегі халық саны шамамен 10,3 млрд адам болады. Бұл көрсеткіш ең жоғарғы шыңы болайын деп тұр, себебі ұйымның жаңа баяндамасында 2100 жылға қарай көрсеткіш 10,2 млрд дейін төмендейді делінген, деп хабарлады Elorda.info Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.
Кейбір елдер 2024 жылға қарай ең жоғары деңгейге жетіп үлгерді және болашақта олардың саны азайып отырады. Олардың ішінде, мысалы, көршілеріміз Ресей мен Қытай бар. Бұл үрдіс туу көрсеткіштерінің төмендеуімен байланысты. Көші-қонсыз халықтың тұрақты санын ұстап тұру үшін бір әйелге шаққандағы туу саны 2,1-ден төмен болмауы керек, ал әлемнің кейбір елдері мен аймақтарының шамамен 20%-да бұл деңгей қазір 1,4-тен төмен.
Қазір БҰҰ есептеуі бойынша бізде өмір сүру ұзақтығы - 74,5 жас, бұл жаһандық деңгейден жоғары (73,3 жас). Жалпы бұл көрсеткіш бізде де, әлем бойынша да өсіп келеді: мысалы, 30 жыл бұрын бізде 64,1 жасқа дейін жеткен болатын, ал жаһандық деңгейде 64,3 жасқа жетті.
-->Кейбір елдер 2024 жылға қарай ең жоғары деңгейге жетіп үлгерді және болашақта олардың саны азайып отырады. Олардың ішінде, мысалы, көршілеріміз Ресей мен Қытай бар. Бұл үрдіс туу көрсеткіштерінің төмендеуімен байланысты. Көші-қонсыз халықтың тұрақты санын ұстап тұру үшін бір әйелге шаққандағы туу саны 2,1-ден төмен болмауы керек, ал әлемнің кейбір елдері мен аймақтарының шамамен 20%-да бұл деңгей қазір 1,4-тен төмен.
«Бірақ Қазақстанда коэффициент қазір 3-ке жақын және болашақта халық тек көбейетін болады. 2050 жылға қарай, БҰҰ медианалық бағалауы бойынша, қазақстандықтардың саны шамамен 26,5 млн, 2100 жылға қарай 33,7 млн адамды құрайды. Құлаққа жағымды естіледі, алайда бәріміздің 2100 жылға дейін өмір сүріп, болжамның дұрыс-бұрыстығына көз жеткізе алуымыз екіталай», - делінген хабарлада.
Қазір БҰҰ есептеуі бойынша бізде өмір сүру ұзақтығы - 74,5 жас, бұл жаһандық деңгейден жоғары (73,3 жас). Жалпы бұл көрсеткіш бізде де, әлем бойынша да өсіп келеді: мысалы, 30 жыл бұрын бізде 64,1 жасқа дейін жеткен болатын, ал жаһандық деңгейде 64,3 жасқа жетті.