1 шілдеден бастап орманшылардың жалақысы өседі – министр (ВИДЕО)
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова 1 шілдеден бастап орманшылардың жалақысы өсетінін, ал материалдық-техникалық базасы 2027 жылға қарай 100 пайызға жаңарту жоспарланғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Сондай-ақ ведомство басшысы Jibek joly телеарнасының «Жаңа уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында елдегі орман шаруашылығына 8,1 млрд теңге бөлінгенін, ал өртті ерте анықтау жүйесіне 4,1 млрд теңге қарастырылғанын жеткізді.
-->Сондай-ақ ведомство басшысы Jibek joly телеарнасының «Жаңа уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында елдегі орман шаруашылығына 8,1 млрд теңге бөлінгенін, ал өртті ерте анықтау жүйесіне 4,1 млрд теңге қарастырылғанын жеткізді.
Былтыр және биыл болған өрттерде, жалпы орман шаруашылығы саласында қалыптасқан жағдайды көрсетеді. Осы мәселені Мемлекет басшысы да айтып өтті. Әрине, осы мәселеге байланысты өртті болдырмау, алдын алу, сонымен қатар материалдық-техникалық қамсыздандыру, орманшылардың жалақы мәселелері қосымша пысықталады, - деді министр.