Әлеумет

1,4 млн-нан астам қазақстандық қарыз ресімдеу мүмкіндігін бұғаттады

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«eGov-дағы «СТОП-несие» деп аталатын функцияда банктен қарыз алудан ерікті түрде бас тартады, бұл алаяқтарға азаматтардың сыртынан несие рәсімдеуге мүмкіндік бермейді, ал несие алу қажет болған жағдайда азамат оны өшіре алады. Бұл функцияны 1,4 миллионнан астам азамат пайдаланды», - деді вице-министр.

Сондай-ақ ведомствоға дербес деректерді қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау функциясы берілген. Жыл басынан бері азаматтардың шағымы бойынша 79 тексеру өткізілген.

Вице-министрдің айтуынша, азаматтардың дербес деректерін таратқаны үшін жауапкершілікті күшейту жоспарланып отыр. Айыппұл мөлшерін 3 есе арттыру ұсынылады, қазір олар 10-нан 1 мың АЕК-ке дейін болады.