Әлем

Өзбекстанда 9 тілде ақпарат тарататын робот-журналист пайда болды

Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінде жасанды интеллект негізінде құрылған робот-журналист жұмыс істей бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Агенттік мәліметінше, оған Собир Холдаров есімі берілген.                                                            

Робот-журналист өзбек жаңалықтарын тоғыз тілде , яғни өзбек, ағылшын, орыс, француз, араб, қытай, неміс, испан және қазақ тілдерінде жеткізеді. Әрбір бейнеде жалған бейнелерден қорғау үшін арнайы QR коды бар. Оның сілтемесі арқылы өтіп бейненің мәтінін ӨзА-ның ресми сайтынан оқуға болады. Оның есімі Орталық Азия мен Өзбекстандағы алғашқы кәсіби журналист Собира Холдарованың құрметіне қойылған, - деп жазылған хабарламада.