Қырғызстанда төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды (ВИДЕО)
Қырғызстанда төңкеріс жасағысы келген бір топ адам ұсталды. Оның құрамында 15 адам болған. Топтың мүшелері елде мемлекеттік төңкеріс жасап, билікті өз қолдарына алғысы келген, деп хабарлады Elorda.info.
24.kg мәліметінше, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері топтың мүшелерін аңдып, төңкеріс жасауды жоспарлап отырған жерінен ұстаған. Белгілі болғандай, олар мыңдаған жақтасымен жиі кездесіп, жоспар құрып отырған.
Топты Жогорку Кенештің депутаттары мен жоғары билік органдарында істеген экс-шенеуніктер бұрын кеткен есені қайтару үшін ұйымдастырып, билікті өз қолдарына алғысы келген. Сонымен бірге олармен сыбайлас болған арнайы қызметтің адамдары да ұсталған. Қазір олардың не себепті ұсталғаны туралы ешқандай ақпарат жоқ.
-->24.kg мәліметінше, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері топтың мүшелерін аңдып, төңкеріс жасауды жоспарлап отырған жерінен ұстаған. Белгілі болғандай, олар мыңдаған жақтасымен жиі кездесіп, жоспар құрып отырған.