Әлем

Қырғызстанда қайтыс болған адамның жетісін, қырқын, жылын өткізуге шектеу енгізілді

Қырғызстанда қайтыс болған адамның жерлеу рәсіміне, одан кейінгі рәсімдерге шектеулер енгізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz «Вечерний Бишкек» басылымына сілтеме жасап.

Елдің діни басқармасы жерлеу кезінде мал союға тыйым салды. Сол сияқты еске алуға арналған үшін, жетісін, қырқын, жылын өткізуге де шектеу енгізілді.

Қырғызстанның діни басқармасы бұдан бөлек қабірлерге мәрмәрдан, темірден және граниттен жасалған мүсіндер, ескерткіштер қоюға тыйым салады.