Әлем

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми сайты жақында іске қосылады

Қырғызстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге белсенді дайындалуда. Тамыз айында іс-шара бағдарламасы, билеттер және орындар туралы барлық қажетті ақпарат орналастырылатын жаңа сайт іске қосылады, деп хабарлады Elordainfo.kz Кабар-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы «Биринчи радио» тікелей эфирінде Көшпенділер ойындарының Халықаралық хатшылығының жетекшісі Нұрсұлтан Аденов пен Қырғыз Республикасының ұлттық спорт түрлері дирекциясының басшысы Бақтыяр Бокоев айтты.

Нұрсұлтан Аденов ойындарға дайындық өткен жылдарға қарағанда әлдеқайда ертерек басталғанын айтты. Ол ұйымдастыруға қатысатын барлық министрліктердің құрамымен ұйымдастыру комитеті құрылып қойғанын ерекше атап өтті.

«Биыл біз алғаш рет қатысушы мемлекеттерге шақыруды ойындарға дейін шамамен бір жарым жыл бұрын жолдадық. Бұрын бұл шаралар тоғыз ай немесе алты ай бұрын ғана жүзеге асырылып, көптеген елдер дайындыққа үлгермегенін айтып шағымданатын», — деді ол.

Қазір сайтты іске қосу жұмыстарының өзінен бөлек, спорттық, мәдени және ғылыми бағдарламаларды құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нұрсұлтан Аденов бюджет әлі бекітілмегенін, себебі шығындарды болжау және есептеу жұмыстары әлі жалғасып жатқанын айтты.

Сонымен қатар, Бішкекте ашылу салтанатын «Бішкек Аренада» өткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл елдің астанасының заманауи бейнесін қонақтарға көрсетуге мүмкіндік береді.

«Егер бұрын қонақтар алдымен Бішкекке келіп, содан кейін Ыстықкөлге жеткізілсе, енді олар Қырғызстанның қалай дамып жатқанын көре алады», - деп түсіндірді ол.