Tiktok-ты бұғаттау туралы шешім қабылданды
Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі елде TikTok-ты бұғаттауды ұсынып отыр, деп хабарлады Elorda.info Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Шешім одан әрі жүзеге асыру үшін Цифрлық даму министрлігіне жіберілді.
Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, кейбір үкіметтік емес ұйымдар TikTok әлеуметтік желісінің балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына тигізетін зиянды әсеріне алаңдаулы.
Ведомство мәліметінше, аталған әлеуметтік желі қолданушыны қысқа клиптердің виртуалды әлеміне батыратыны, оларды көрген жасөспірімдер өміріне қауіп төндіретін кейбір бейнероликтерді қайталауға тырысатыны атап өтілген.
Мәдениет министрлігі контентке мониторинг жүргізіп, платформаның өзі балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратқа қол жеткізуді шектемейтінін анықтады.
-->Шешім одан әрі жүзеге асыру үшін Цифрлық даму министрлігіне жіберілді.
Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, кейбір үкіметтік емес ұйымдар TikTok әлеуметтік желісінің балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына тигізетін зиянды әсеріне алаңдаулы.
Ведомство мәліметінше, аталған әлеуметтік желі қолданушыны қысқа клиптердің виртуалды әлеміне батыратыны, оларды көрген жасөспірімдер өміріне қауіп төндіретін кейбір бейнероликтерді қайталауға тырысатыны атап өтілген.
Мәдениет министрлігі контентке мониторинг жүргізіп, платформаның өзі балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратқа қол жеткізуді шектемейтінін анықтады.
Көптеген өтініштерді ескере отырып және жүргізілген мониторинг негізінде Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Қырғыз Республикасының аумағында TikTok қызметін тарату қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады, делінген хабарламада.