Теңіз түбіндегі «Титаниктің» жаңа суреттері пайда болды
«Титаник» кемесінің жаңа суреттерін осы жазда су асты роботтары түсірген, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ВВС жазуынша, фотосуреттерден су астындағы кеме қалдықтарының 100 жылдан астам уақыт ішінде қалай өзгергенін байқауға болады.
«Титаник» теңіз түбінде әлі жата ма деген сұрақ қашан да туындайды. Біз оның жауабын білмейміз, бірақ дәл қазір кеме қандай өзгеріске ұшырап жатқанын бақылай аламыз»,- дейді экспедиция жүргізген RMS Titanic Inc компаниясының қызметкері Томасина Рэй.
Зерттеушілер, шамамен 4,5 метрді құрайтын қоршау бөлігі соңғы екі жылда құлады деп санайды. Себебі 2022 жылғы экспедиция кезінде түсірілген фотосуреттер қоршаудың орнында тұрғанын көрсетеді. Бірақ ол кезде құлауға шақ тұрған.
Айта кетейік, Титаник 1912 жылы айсбергке соғылып, батып кетті. Оқиға салдарынан 1,5 мың адам қайтыс болды.