Әлем

Ташкентте салмағы 7 келіден асатын қыз бала дүниеге келді

Ташкент облысы Янгийул қаласындағы ауданаралық перинаталдық орталықта салмағы 7 келі 3 грамм қыз бала дүниеге келді, деп хабарлады Elordainfo.kz  Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Анасы кесар тілігі арқылы босанған, бұл – оның төртінші баласы.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір ана мен бала дәрігерлердің бақылауында.