Әлем

Төрт жасар бала қолшатырды ашып, 26-қабаттан секіріп кеткен

Қытайдың Хунань провинциясында төрт жасар бала ашық қолшатырмен 26-қабаттан секіріп кеткен. Ғажайыбы сол баланың бірнеше сынықтары болғанымен өміріне еш қауіп төнбеген, деп хабарлады Elorda.info Mothership басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, бүлдіршін «Том мен Джерри» мультфильміндегі көрініске шабыттанып, ойланбастан сол әрекетті қайталауға шешім қабылдаған. Ол 26-қабаттағы пәтер балконынан секіріп кеткен. Бұл кезде бала үйде жалғыз болған. Әке-шешесі жұмыста жүрген. Ал оған қараған әжесі әпкесіне кеткен.

Оқиға орнына келген дәрігерлер баланың бірнеше сынықтары болғанымен, өміріне қауіп төнбегенін мәлімдеді. Мамандар бұл ғажайыпты баланың салмағы тым аз болғандықтан, құлау барысында жерге тигенге дейін ағаштарға соқтығысқаны көмектесті деп тұжырымдады.

-->