Әлем

Түркияда жойқын зілзаладан баспанасыз қалғандарға жаңа үйдің кілтін табыстады

Президент Режеп Тайып Ердоған азаматтарға Түркияда апат аймағында салынған жаңа үйлердің кілтін табыс етті, деп хабарлады Elorda.info Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Газиантеп провинциясының Нурдагы ауданының Белпынар ауылында, Кахраманмараш провинциясының Местхююк және Түркоғлы Өзбек ауылдарында баспаналардың кілтін тапсыру рәсіміне өзі қатысты.

Ол апат аймағындағы барлық қалалар мен ауылдардың инфрақұрылымы жаңартылып жатқанын атап өтті. Бұл бағытта бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылданған екен. Олардың бірі фермерлерді пайызсыз несиелермен қамтамасыз етуге бағытталған.

-->

6 ақпандағы жойқын жер сілкінісінен 15 күн өткен соң, жаңа үйлердің фундаменті қаланды. Апат аймағында барлығы 507 мың пәтер мен 143 мың жеке үй салынады. Олардың 319 мыңы биыл тапсырылады. 60 мыңға жуық пәтердің фундаменті қаланды. Бұл жұмыстар үздіксіз жалғасуда. Біздің міндетіміз жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарды мүмкіндігінше тезірек жаңа заманауи үйлерге көшіру, - деді Президент.