Әлем

Түркияда ұлттық аза тұту күні жарияланды

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы өрттен туындаған қайғылы оқиғаға байланысты бір күндік ұлттық аза тұту жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz Anadolu-ға сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, 22 қаңтарда елдегі және шетелдік өкілдіктердегі мемлекеттік тулар түсіріледі.

21 қаңтарға қараған түні әйгілі Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақүйде болған өрттің салдарынан 66 адам қаза тауып, тағы 51 адам жарақат алды.

Түркия ІІМ басшысы Али Ерликая бұл жерде өртті жою және құтқару жұмыстарын жүргізу үшін түрлі мемлекеттік мекемелердің 267 қызметкері жұмыс істеп жатқанын айтты.

Басынан бастап біз тиісті мемлекеттік органдар арқылы жағдайды мұқият қадағалап отырдық және тергеулер дереу басталды. Барлық зардап шеккендер мен Болу тұрғындарына шын жүректен көңіл айтамын, - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

«Карталкаядағы өртке кінәлілер заң алдында қатаң жауап береді», - деп атап өтті түрік басшысы.

Еске салайық, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде «зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ» деп мәлімдеді.