Әлем

Нигерияда 300-ге жуық сотталушы түрмеден қашып кетті

Нигерияның солтүстік-шығысындағы жойқын су тасқынан Майдугури қаласындағы түрменің қабырғалары құлап, салдарынан 281 тұтқын қашып кеткен, деп хабарлады Elordainfo.kz 

South China Morning Post жазуынша, жеті адам қауіпсіздік шаралары кезінде ұсталған.

Майдугури – соңғы онжылдықта ең қатты су тасқынынан зардап шеккен Борно штатының астанасы. Нөсер жаңбырдан кейін бөгет толып, мемлекеттік хайуанаттар бағы қирап, су ағыны қолтырауындар мен жыландарды су басқан елді мекендерге ағызып әкеткен.