Мереке қарсаңында балабақшадағы қыздарға дейін ақшалай сыйлық беріледі
Түрікменстанда халықаралық әйелдер күніне орай 60 манат (шамамен 17 доллар немесе 8500 теңге) көлемінде ақшалай сыйлық беріледі, деп хабарлады Elordainfo.kz «Туркменистан сегодня» басылымына сілтеме жасап.
Президент қол қойған құжаттағы бұл шешім әйелдердің елдің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесін құрметтеу және ұлттық дәстүрді жалғастыру мақсатында қабылданды.
Сыйақы 1-6 наурыз аралығында төленеді. Атап айтқанда, мемлекеттік және жеке мекемелерде жұмыс істейтін әйелдер, зейнеткерлер мен әлеуметтік жәрдемақы алушылар және аспирантурадан бастап балабақша тәрбиеленушілеріне дейінгі барлық деңгейдегі білім алушыларға 60 манаттан берілмек.