Әлем

Марк Цукерберг әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 4-ші орында тұр

Марк Цукербергтің байлығы бірден алты есеге өсіп, 201 миллиард АҚШ долларына жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл туралы Binance Square мәлімдеді.

Марк Цукербергтің капиталы Meta акцияларының өсуіне байланысты артқан. Сондай-ақ компания жұмысына жасанды интеллект жүйесін енгізген. Нәтижесінде бағалы қағаздар құны 64 пайызға қымбаттаған.

Бүгінгі таңда ол Илон Маск, Джефф Безос, Бернард Арнодан кейінгі әлемдегі ең бай төртінші адам атанды.