Ливанда жергілікті өнертапқыш күн қуатымен түрлі тағам пісіретін пеш ойлап тапты
Ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешкен Ливанда жанармай тапшы. Осының кесірінен электр энергиясының өндірісі күрт азайып, күніне тек бірнеше сағат жарық беріледі, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.
Кәсіпорындар мен ауруханалар жабыла бастады. Әсіресе наубайханалардың жағдайы мәз емес. Нан мен тоқаштарды дайындау үшін электр энергиясы қажет. Ал дизельді генераторларға құятын жер майы жоқ. Тұрғындар амалын тауып, үйлерінің шатырларына Күн батареяларын орнатып жатыр. Ливанда жылына орта есеппен 300 күн шуақты болып тұрады. Жергілікті өнертапқыш Туфик Хамдан Күн қуатымен істейтін пешті ойлап тауып, осы мәселені шешпек.
Тәжірибе ретінде алғашқы пешін Ремхала ауылындағы наубайханада орнатты. Иесі осының арқасында айына 10 тонна отын үнемдегенін айтады.
Бұл жоба елдегі әлеуметтік ахуалды жақсартатын түрі бар. Өйткені әрең күнін көріп жүрген жұртқа нанның қымбаттауы ауыр тиді.
Жоба сәтті жүзеге асса, ел көлемінде іске қосу көзделіп отыр. Сондай-ақ 2030 жылға дейін барлық азық-түлік пен сусындар шығаратын кәсіпорындарды таза энергияға ауыстыру жоспарда бар.

Сұйық май осы айналардан өтіп 300-400 градусқа дейін қызады. Бұл жылуын тағам мен сусындар дайындау үшін қолданамыз. Нан, круассан секілді осындай температурада пісетін барлық бұйымды шығара аламыз, - дейді компанияның негізін қалаушы Туфик Хамдан.
Тәжірибе ретінде алғашқы пешін Ремхала ауылындағы наубайханада орнатты. Иесі осының арқасында айына 10 тонна отын үнемдегенін айтады.
Дизель отынын үнемдеумен қатар өніміміздің де сапасы артты. Өйткені таза жылуды қолданамыз, отының иісі жоқ. Мемлекет бізді электр қуатымен қамтымайды, генераторларға тәуелдіміз. Ал отынының бағасы шарықтап кетті,- дейді наубайхана иесі Виссам Шамседдин.
Бұл жоба елдегі әлеуметтік ахуалды жақсартатын түрі бар. Өйткені әрең күнін көріп жүрген жұртқа нанның қымбаттауы ауыр тиді.
Бұл пеш наубайхана иелеріне дизель отынына жұмсайтын қаражатының 80 процентін үнемдейді. Сәйкесінше нанның бағасы да арзандайды. Өкінішке орай дағдарыс кезінде көптеген адам әрең күнін көріп отыр. Сондықтан нан өндірудің өзіндік құнын азайтып, азаматтарымыз тұтынатын азық-түлік бағасын да төмендете аламыз,- дейді компания менеджері Хитаф Газал.