Әлем

«Көктемгі мейірім апталығы» республикалық акциясы басталды

Акцияны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп ұйымдастыруда, деп хабарлады Elorda.info.

Көктемгі мейірімділік апталығы – еліміздегі волонтерлік қозғалысты дамытуға және халықтың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған республикалық акция.

Бұл акция жыл сайын сәуір айының бірінші аптасында өткізіледі.

Республикалық акция аясында бүкіл ел бойынша 20 өңірлік Birgemiz фронт-офистерінің, сондай-ақ волонтерлер ұйымдарының қатысуымен қария адамдарға, көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, сондай-ақ ЗОО баспаналарға көмек көрсету, эко сенбіліктер, ағаш отырғызу және т.б. іс-шаралар жоспарланған.

Волонтерлік акцияның жоспарымен Qaznolunteer.kz бірыңғай платформасында таныса аласыздар немесе Birgemiz республикалық волонтерлер фронт-офисінің +77089494010 нөміріне хабарласуға болады.

«Көктемгі мейірім апталығы» республикалық акциясы 7 сәуірге дейін жалғасады.

-->

«Көктемгі мейірім апталығы» – баршамызды елімізде болып жатқан әртүрлі жағдайларға бей-жай қарамауға шақырады. Біздің әрқайсымыз елдің дамуы мен өркендеуіне жолында өз үлесімізді қосуымыз керек, - деп атап өтті республикалық волонтерлер фронт-офисінде.