Әлем

Италия ұшқыш робот жасады

Италия ғалымдары ұшатын робот жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Адам тақылеттес құрылғыға 4 реактивті қозғалтқыш орнатылған. Бұл туралы 24.kz сайты мәлімдеді. Екеуі арқасында, екеуі - қолдарында тұр. Роботтың өзі - 70 келі. Әйтсе де қиналмай ұшады. Ол келешекте құтқарушыларға көп пайдасын тигізеді дейді ғалымдар.

«Роботты табиғат апаттары кезінде қолдануға болады. Өйткені адамдардың қатынауы, не жұмыс істеуі үшін қиын аймақтар болады. Сонда технологияны қашықтан басқара аламыз. Сөйтіп робот іздестіру-құтқару операцияларына қатысып, тірі қалған адамдардың жағдайы туралы мәлімет жинай алады», - деді жоба жетекшісі Даниэль Пуччи.