Иран Израильге зымыранмен шабуыл жасады
Зымыран шабуылына байланысты елде сиреналар іске қосылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Армия израильдіктерді «ескертулерге құлақ асып, қауіпсіз жерлерге орналасуға» шақырды. Бұл туралы TRT басылымы мәлімдеді.
Израильдік БАҚ елге жүзден астам зымыран атылғанын хабарлады.
Иран Ислам Төңкеріс сақшылары:
«Біз Израильге ондаған зымыран жібердік, егер олар жауап қайтарса, біз оларды тағы бір рет нысанаға аламыз», - деп мәлімдеді.
Сондай-ақ мәлімдемеде түнгі шабуылдың Хамас жетекшісі Исмаил Хания, Хезболла жетекшісі Хасан Насралла және ирандық генерал Аббас Нилфурашанның өліміне жауап деп жазылған.