Әлем

Илон Маск Ақ үйде шенеунікпен төбелесіп, көзін көгертті

Америкалық миллиардер Илон Маск пен АҚШ-тың қаржы министрі Скотт Бессент арасында Ақ үйде болған дау төбелеске ұласты. Бұл туралы The The Washington Post басылымы мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz

Жанжал неден басталды?

Басылым дерегінше, сәуір айының ортасында Маск пен Бессент Ақ үйде бір шенеунікті тағайындау мәселесі бойынша өз ұсыныстарын білдірген. Дональд Трамп Бессенттің ұсынған кандидатын қолдауды ұйғарған.

Кейін олар дәлізге шыққанда, Маск пен Бессент арасында ауызша кикілжің болды. Бессент Маскты «алаяқ» деп атағаны айтылып отыр.

Жанжал немен аяқталды?

Осыдан кейін Маск Бессентті иығымен кеудесінен қағып өткен. Бұған жауап ретінде Бессент Маскке соққы жасап, нәтижесінде Илон Масктың көзі көгерген. Оқиға куәгерлері олардың арасын ажыратуға мәжбүр болған.

Саяси салдары қандай? 

Осы оқиғадан кейін Илон Маск пен Трамп әкімшілігінің арасы айтарлықтай ушығып кеткені атап өтіледі. Сарапшылар бұл жанжал Масктың саяси ықпалына әсер етуі мүмкін екенін ескертеді.