Әлем

Еуропада Coca-Cola сусындары дүкен сөрелерінен алынып тасталады

Қараша айының соңынан бастап өндірілген Coca-Cola, Sprite, Fanta, Мinute Maid, Nalu және Tropico газдалған сусындары Бельгия, Люксембург және Нидерланды дүкендері сөрелерінен алынады, деп хабарлады Elordainfo.kz BBC-ге сілтеме жасап.

328G-ден 338C-ге дейінгі өндірістік кодтары бар сусындар партиясында хлораттың жоғары мөлшері табылған. Хлорат дезинфекциялау құралдарында қолданылса да, өндіруші онда тұрған елеулі қауіп жоқ деп сендіреді.

«Тәуелсіз сараптамалық талдау анықталған химиялық заттың мөлшері тұтынушылар үшін төндіретін қаупі өте төмен деген қорытынды жасады», — делінген хабарламада.

Алайда өндірушіге қатысы жоқ сарапшылар хлораттың жоғары концентрациясы денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін деп сендіреді. Бұл зат, әсіресе, балаларда қалқанша безінің ауруларын тудыруы кәдік.