Әлем

Египетте Сұлтан Байбарыс мешіті ашылды

Египетте Сұлтан Байбарыс мешітінің ашылу рәсімі болды, деп хабарлайды Elorda.info DKNews.kz сайтына сілтеме жасап. 

ММемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мысырда Байбарыс сұлтан мешітінің ашылу рәсіміне қатысты. Іс-шара даңқты билеушінің 800 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Салтанатты жиын барысында Палата Спикерімен бірге Әл-Азһардың Жоғарғы имамы, шейх Ахмед ат-Тайеб, дін өкілдері, сондай-ақ, Қазақстан мен Мысырдың мемлекет және қоғам қайраткерлері сөз сөйледі.

Қазақстандық делегация құрамында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі де болды. 

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Байбарыс сұлтанның есімі жаһан тарихына дана әрі әділ билеуші, ұлы қолбасшы ретінде алтын әріппен жазылғанын атап өтті. Сондай-ақ ол Байбарыстың 800 жылдығы қазақ халқы мен мысырлықтар үшін мәні терең, маңызы зор оқиға екенін тілге тиек етті.

-->