Дженнифер Лопес Бен Аффлекпен ажырасуға өтініш берді
Голливуд жұлдыздары Дженнифер Лопес Бен Аффлектен ажырасуға Лос-Анджелес округінің Жоғарғы сотына арыз берді, деп хабарлады Elordainfo.kz The Guardian сілтеме жасап.
The Guardian жазуынша, олар некеде 2 жыл болған. Құжаттар 55 жастағы әнші 52 жастағы актермен ресми түрде ажырасатын күні – осы жылдың 26 сәуірі көрсетілген.
Жұп 2022 жылдың шілде айында Лас-Вегаста ресми түрде некесін қиды, ал 20 тамызда Джорджияда үйлену рәсімін жасады.
БАҚ жазуынша, олар некелерінің екінші мерейтойын 2024 жылдың 16 шілдесінде бөлек өткізді. Сондай-ақ оған дейін Беверли-Хиллздегі зәулім үйін 65 млн долларға сатуға қойды.
Айта кетейік, олар алғаш рет 2002 жылы «Джильи» фильмінің түсірілімі кезінде танысып, кейін кездесе бастаған. Ал 2004 жылдың басында қарым-қатынасын үзді. Бірақ оны жиырма жылға жуық уақыттан соң қайта жалғастырған.